Асхат Аймағамбетов МӘМС жарнасының көлемін өсіруге қарсы. Бұл жайлы депутат өзінің телеграм арнасында жазды.
«Өкінішке қарай, министрлік Міндетті медициналық сақтандыру қорына міндетті медициналық сақтандыру бойынша жарналарды көбейту туралы идеясынан әлі бас тартқан жоқ. Бұл қорды қосымша 250 млрд сомамен қамтамасыз етеді деп күтілуде»,– деп жазды депутат.
Аймағамбетов соңғы екі жылда халықтың медициналық қызметке өз қалтасынан жұмсайтын шығыны 27,7 пайыздан 31,1 пайызға өскенін айтады.
«Яғни азаматтар міндетті медициналық сақтандырудың енгізілуіне байланысты медициналық көмекке жұмсалатын жеке шығындарды азайтудың орнына көбірек төлей бастады»,– дейді депутат.
Ол Қордың жарна көлемін ұзарту жөніндегі бастамасына...