Дүниежүзілік банк сарапшылары Қазақстан экономикасының перспективасы алдағы екі жылда тұрақты өсімді көрсетеді деп есептейді. Ресейдің Украинаға басып кіруінің салдарынан туындаған жайсыз жағдайлардан кейін, 2023 жылы экономикалық өсім біртіндеп қалпына келе бастаса, 2024 жылы мұнай өндірісінің болжанғаннан да төмен өсім қарқыны фонында экономика өсімі 3,4 пайызға дейін түседі (өткен жылмен салыстырғанда).
Қазақстан сыртқы шоктарға орнықтылық танытты
Болжамға сәйкес, нақты жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 2025 жылы 4,5-5 пайызға ұлғаюы мүмкін. Өйткені жұмыс істеп тұрған кен орындарындағы өндіріс қуаттылығының кеңеюі экспорттың өсуіне және 2025 және одан кейінгі жылдарда мұнай-химия саласының өркендеуіне жол ашады. Өнеркәсіптік өндіріс пен тау-кен саласындағы инвестиция тұрақты болады...