Қарағанды облысының полицейлері кеншілер мен Абай ауданының тұрғындарын бопсалаумен, теміржол станцияларын тонаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Бұл жайлы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қарағанды облысының полицейлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, Qarmet АҚ-ның жұмыскерлерімен Абай қаласы тұрғындарын бопсалаған қылмыстық топты құрықтаудың екінші кезеңін өткізді», – деп хабарлайды ІІМ-нің баспасөз қызметі.
Бірінші кезең операциясы желтоқсанда жүргізіліп, Qarmet кеншілерін бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталған болатын. Соларды тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық жасау және қатысу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Нәтижесінде жалпы құны 55 миллион теңгеден астам өзге де бопсалау...