RG Brands Kazakhstan-Pepsi және басқа да алкогольсіз сусындар шығаратын компанияның бас директоры ауысты. Бұл туралы компанияның Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланған құжатында хабарланады.
Компанияның жаңа бас директор болып Зурдинов Муталлип тағайындалды.
Ол «Тұран» университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылдан 2021 жылға дейін Зурдинов Asia Med Engineering LLP-де экономика бойынша қаржы директоры болып жұмыс істеді. 2021 жылдан бастап RG Brands компаниясының экономика жөніндегі директоры қызметін атқарды. 2022 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша Зурдинов ECOTERRA-ның бірінші басшысы болды.
Айта кетейік, бұған дейін RG Brands компаниясын Асхат Ағыбаев басқарды.
Қаңтар айының басында «Қазақстанның Даму Банкі» («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес...