Қаңтар оқиғасына қатысқан «Дикий Арманның» сыбайластары ұсталды. Бұл жайлы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 ақпан күні Алматы және Шымкент қалаларының аумағында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген қаңтар оқиғасының екі қатысушысын ұстаған. Олардың Жұмагелдиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысы бар екені айтылған.
«Ұсталғандардың бірі Самат Әмірбаев 2022 жылы Шымкентте кісі өлтіруге және сол қаланың басқа тұрғынына қатысты өзінше билік етуге қатысы бар деп күдіктелуде. Ол Түркістан облысының аумағында ұсталды. Оның кісі өлтіру фактісі бойынша сыбайластарының бірі 16 жылға сотталып, қазірг...