«Фридом Финанс» акционерлік қауымдастығының активтері 2023 жылы 111,7 млрд теңгеге яғни 1,5 есе өсіп, 316,9 млрд теңгеге жетті.
«2023 жылғы 31 желтоқсанда активтер 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 111,7 млрд теңгеге (54,5%) ұлғайды және 316,9 млрд теңгені құрады. Бағалы қағаздар портфелінің 83,3 млрд теңгеге немесе 64%-ға; басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың және реттелген борыштың 30 млрд теңгеге немесе 45%-ға ұлғаюы нәтижесінде өсімге қол жеткізілді», – делінген компания хабарламасында.
Компания ақпаратына сүйенсек, тікелей РЕПО бойынша операциялардың 85,98 млрд теңгеге немесе 113,5%-ға ұлғаюына байланысты міндеттемелер 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 79,42 млрд теңгеге немесе 93,1%-ға өскен. Сондай-а...