Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев республикалық трассаларды тазалауға кедергі келтірмеу үшін жүргізушілерді жабық жолдарға шықпау туралы ескертті.
Министрліктің хабарлауынша, қазіргі таңда республиканың 6 облысында ауа райына байланысты республикалық маңызы бар автожолдар ішінара жабылған.
Аблалиевтің айтуынша Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында, сондай-ақ Жетісу өңірінде көлік құралдары баяу қозғалып жатыр. Ал Жамбыл және Түркістан облыстарында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі бойынша Алматы облысынан Шымкент қаласына дейінгі учаскеде жағдай күрделі.
«Аспара елді мекенінен Отарға дейін жол толығымен жабық. Ол жақтағы ауа райы әлі де нашар. Жол тазалау жұмыстары бір уақытта екі жақтан, яғни Алматы және Жамбыл...