Ереуілге шыққан «West Oil Software» компаниясында істейтін мұнайшылардың талабын орындау мүмкін емес. Бұл жайлы «Қазмұнайгаз» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
11 желтоқсанда «West Oil Software» ЖШС мұнайшылары ереуілге шығып, өз талаптарын қойды. Олар «ҚазМұнайГаз» «ҰК» АҚ-ның Бірыңғай еңбекақы жүйесімен жалақыны теңестіруді, материалдық-техникалық базаны жаңартуды талап етті. Сонымен берге ҚМГ еншілес ұйымының штатына қосылуды сұрады. ҚМГ жұмысшылардың бұл талабының негізсіз екенін мәлімдеді.
«WOS қызметкерлерінің айтарлықтай бөлігі бұрын «ҚазМұнайГаз» еншілес қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері болды. 2018 жылы олар «5/50» бағдарламасы арқылы жұмыс берушімен еңбек қатынастарын өз өтініштері бойынша тоқтатқан. Бағдарламада жұмыстан шыққан қызметкердің бес жылдық жалақысыны...