Фото: kursiv.media
Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Аталмыш өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан өз күшіне енеді.
Қандай өзгерістер енеді?
Кодекс соттарда мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру тәртібі мен шарттарын айқындайтын жаңа 51-2-баппен толықтырылған.
«Салық Кодексіне» енгізілген өзгертулерге сәйкес, жалпыұлттық декларациялау аясына тек жалақы, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыға күн көретін адамдар декларация...