Қырғызстанда жұмыссыздар саны өткен жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға артқан. Бұл туралы 24.kg сайты Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қырғызстанда 104 мың адам жұмыссыз.
Жұмыссыздардың ең жоғары пайызы Жалал-Абад облысында тіркелді, онда 22 мың 195 адам тұрақты жұмысы жоқ немесе облыс халқының 1,79 пайызы. Ең төменгі көрсеткіш Нарын облысында – 2 мың 877 адам немесе жалпы халықтың 0,9 пайызы.
Жұмыссыздардың 46 пайызын әйелдер құрайтыны атап өтілді.