«Шымкент әуежайы» АҚ жекешелендірілмейді. Компанияны 2021-2025 жылдарға арналған жекешеліндіру жоспарынан алып тастау жөніндегі қаулы «Ашық НҚА» порталына талқылауға шығарылды.
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2023 жылғы 20 қазандағы № 12-03/07-1327 хаттамасына сәйкес, «Шымкент әуежайы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарынан алынып тасталады.
«Ұлттық экономика министрлігі Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы No 908 қаулысына тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін», – делінген үкімет...