Ұлттық банк тағы да базалық мөлшерлемені – 16,00%-дан 15,75%-ға дейін төмендетті. Реттеуші үшінші біртіндеп төмендетуді қолайлы ішкі жағдайлармен және сыртқы инфляциялық қысымның төмендеуімен түсіндірді. Сонымен қатар бас банктің статистикасынан қатаң ақша-несие саясатының (АНС) ұзақ кезеңі жекелеген компаниялар тобының несиелік белсенділігін басып тастағанын көреміз.
Ұлттық банк мөлшерлемеге қатысты шешімі шыққанға дейін бірнеше күн бұрын банктердің 2023 жылдың III тоқсанындағы несиелеу бойынша сауалнамасын жариялады. Осында авторлар тек ШОБ субъектілерінің ғана белсенділігі өсіп жатқанын атап өтті. Алайда Қазақстан ҰБ-сының банктерге жүргізген сауалнамасы мәліметінен ШОБ субъектілері ақша-несие саясатының қолайлы болғанынан емес, онлайн-форматтың пайда болуы мен мемлекеттік жеңілдетілген несиелендіру бағдарламаларына қосылуды күтуден несие алуға табандылы...