ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен кеңесте көлік саласын дамытудың кең ауқымды өзекті мәселелері талқыланды. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметі хабарлады.
Көлік министрі Марат Қарабаев елімізде 13 халықаралық көлік дәлізі, яғни 5 теміржол және 8 автомобиль жолы жұмыс істеп жатқанын баяндады. 10 айда теміржол көлігімен транзиттік тасымалдау көлемі 19%-ға артып, 22,5 млн тонна жүкті, ал автомобиль көлігімен 17%-ға артып, 3,4 миллион тонна жүкті құраған.
Сондай-ақ министр техникалық қадағалауды күшейту, автожолдардың сақталуын қамтамасыз ету, шекаралық өткізу пунктерін жаңғырту, магистральдық теміржол желісін дамыту, локомотив паркін жаңарту және түйісу нүктелері пункттерінің өткізу қуатын арттыру бойынша негізгі шаралар туралы баяндады.
Бұдан бөлек, Транскаспий халықаралық көлік...