14 қыркүйекте Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Байтау дамыту қоры» жеке қорын құрды. Астана қаласының Әділет департаменті Назарбаевтың жаңа қорын заңды түрде мемлекеттік тіркеуге алған.
«Қазақстан, Астана қаласы, Есіл ауданы, көшесі Əлихан Бөкейхан, ғимарат 1, пошта индексі Z05C5X1» мекен-жайы бойынша тіркелген қор басшысы Батырханов Максим Батырханович деп көрсетілген.
Жаңа ашылған «Байтау дамыту қоры» жеке қорының нақты қандай бағытта жұмыс істейтіні белгісіз. Алайда жеке қор ретінде тіркелген өзге қорлардың қандай жұмыс істейтінін біле аламыз.
Forbes мәліметіне сүйенсек, 2022 жылы шілдеде Владимир Кимге тиесілі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Люкс Сервис KZ» компаниясының 50% активін 1,3 млрд теңгеге сатып алғаны белгілі болған. Аталмыш компанияның екінші құрылтайшысы ретінде «Дирекция...