ҚР Үкіметі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына өзгеріс енгізді. Оған сәйкес мектепке отандық жиһаздар мен әрлеу материалдары пайдаланылады. Бұл отандық өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілген.
Яғни жаңа форматтағы мектептер салынғандда оған қажетті барлық жиһаз қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алынады. Сондай-ақ сыртқы қасбеттерді әрлеуде қолданылатын материалдардың басым бөлігі отандық тауарлар болмақ.
Осы орайда кәсіпкерлерді қолдаудың қосымша шарасы ретінде ұзақ мерзімді жеткізуді жоспарлауға және тиімді шарттармен жобаны қаржыландыруға мүмкіндік беретін алдын ала келісімшарттар қолданылады.
ҚР Үкіметі қабылдаған өзгерістерді сапалы іске асыру мақсатында елдегі отандық тауарлардың құндылық үлес көрсеткіштеріне мониторинг жүргізеді.
Жиһаз комиссиялары жұмысының қорытындысы бойынша 20 өңірде қажеттілікті қамтамасыз...