Фото: kursiv.media
Қашаған мұнай-газ кен орнының операторы – North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумы Қазақстанмен арада халықаралық арбитраж арқылы шешілуі мүмкін дау бар екенін растаған. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі жазады. Агенттік Қазақстан үкіметі NCOC-қа салуға ниеттеніп отырған экологиялық айыппұлды даулау үшін консорциум халықаралық арбитражға жүгінетіні рас па деп сауал жолдаған.
«Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге қатысатын мердігер компаниялар арасында (KMG Kashagan B.V. компаниясын қоспағанда) келісімнің кейбір ережелерін қолдануға қатысты бірқатар даулы мәселелер бар. Келісімге сәйкес, бұл мәселе арбитражға жүгіну арқылы шешілуі керек», – дейді NCOC агенттік сауалына берген жауабында...