Қазақстандықтардың 33,3%-ының интернет-провайдерлердің жұмысына көңілі толмайды. Бұл жайлы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаевтың төрағалығымен өткен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің IV-ші отырысында айтылды.
10 мың респонденттің тәуелсіз социологиялық зерттеу нәтижелері барысында интернет-провайдерлердің қызметтеріне деген наразылығы 33,3%-ға артқаны белгілі болған. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің басшысы Асқар Тынысбековтің айтуынша ұялы байланыс қызметтеріне, интернет-провайдерлерге тарифтерді көтерудің, сондай-ақ рекреациялық, туристік, қонақ үй бизнесіне қатысты салаларға тұтынушылардың шағымдары мен өтініштер саны артқан.
Байланыс операторлары байланыс қызметін көрсету Заңы мен ережелерінің талаптарын елемейді, бұл халық тарапынан үлкен наразылық туғызады және жедел әрі жүйелі шешімді талап...