Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағандыда уланған балалардың жағдайы жайлы айтты. Шілде айында түсініксіз генезді уланумен ауруханаға жатқызылған Қарағандыдағы арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының үш тәрбиеленушісі стационарда оңалту көмегін алуды жалғастыруда.
«Медицина қызметкерлері, Денсаулық сақтау министрлігі балалардың денсаулық жағдайын бақылап отыр. Улану себебіне анықтау бойынша тергеу органдары айналысып жатыр. Менің білуімше, тергеу әлі аяқталған жоқ. Ауруханада жатқан бес баланың екеуі сауығып, әлеуметтік орталыққа оралды. Үшеуі әлі де оңалту көмегін алуда. Олар өз курсын соңына дейін алады және де өз орталығына жіберіледі», – деді Денсаулық сақтау министрі өткен брифингте.
Хабарланғандай...