Президент Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды«-делінген хабарламада.
Ғауез Торсанұлы 1968 жылдың 11 шілдесінде Қостанай облысы Қарасу ауданының Майский ауылында дүниеге келген.
1992 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «ғалым агроном» мамандығы бойынша, 2002 жылы – Челябі мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша, 2008 жылы – Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «экономика бакалавры» мамандығы бойынша білім алған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Ғауез Торсанұлы өзінің еңбек жолын 1985 жылы Қостанай облысы Комсомол ауданы «Магнайский» совхозының № 1 бригадасының механизаторы болып...