2023 жылдың 18 маусымында Астанадағы Kaspi bank бөлімшесіне шабуыл жасаған ер адамға сот үкімі шықты.
Істі қараған Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абинур Қарабаев Әлихан Мурадовтың кінәсі толық дәлелденгенін мәлімдеді.
Сот үкімімен Мурадов 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
«Әлихан Мурадов қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-бөлігі, 4 және 8, 9-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын және оған 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалсын», – деді судья Абинур Қарабаев.
Бұған дейін жарыссөз барысында прокурор оны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жазаны жеңілдететін жағдай ретінде айыпталушының кінәсін...