Елордада адамдардың тұруына шектеу қойылмайды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.
Бұған дейін Үкімет отырысынан кейін журналистер Тамара Дүйсеновадан «Астанаға көшіп келушілердің санына шектеу қойылмақшы. Халықтың ашуына тиетін ұсынысты қалай талқылауға шығарып отырсыздар?» деп сұрақ қойды.
Тамара Дүйсенова қаланың инфрақұрылымы көп адамға есептелмегенін жеткізді.
«Қазір Астана қаласында бір миллионнан аса адам тұрып жатыр. Бұрынғы Ақмола қаласы 300 мың адамға ғана есептелген. Жастар оқуға келіп жатыр. Жұмыс орындары ашылып жатыр. Қазіргі инфрақұрылым халыққа мүмкіндік бермей жатыр. Егер Астананың көлемі кеңейіп, мүмкіндіктер жасалса, әсіресе, әлеуметтік инфрақұрылым салынса, онда ашуға...