Жаңалықтар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына барды деп хабарлайды, ҚР Президенті жанындағы Орталық комуникациялар қызметі.
Мемлекет басшысын Самарқанд әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдолла Арипов күтіп алған.
Қасым-Жомарт Тоқаевты «Silk road» туристік орталығында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.
Бұл жерде Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер басшыларымен бірге «Silk road» туристік орталығында өткен тал егу рәсіміне қатысты.
Мемлекет басшысы Самарқандтағы «Мәңгілік қала» кешеніне барып, көрмелер мен шығыс базарын тамашалады.
«МТҚ» АҚ KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі қайырымдылық қызмет түріндегі онлайн алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткенін хабарлайды.
Бұл зиянкестер пайдаланушылардың дербес деректерін жинап, банк карталары арқылы ақша қаражатын шығару үшін фишингтік, скамерлік интернет-ресурстарды жасаған бір ғана жағдай емес. Алайда, анықталған жағдайларда зиянкестер жұмыс істеп тұрған қоғамдық қорларға (қызметін таяу және алыс шетелдерде жүзеге асыратын) сүйене отырып, онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларды емдеуге қаражат жинау түрінде интернет-ресурстар құрды, осылайша қайырымды адамдардың картасынан ақша қаражатын шығарып отырған.
Мейірімді азаматтардың банк карталарының деректері қайырымдылық жасау нысанында жиналып отырған, онда пайдаланушы аударымды растап қана қоймай, сондай-ақ ТАӘ, банк картасының нөмірін, жарамдылық мерзімін және CVC/CVV кодын енгізуі керек...
Биылғы жылдың қаңтар–шілде айларында жаңа піскен немесе салқындатылған құс еті өндірісі 64,2 мың тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 3,5% артық. Сондай-ақ, 75,9 мың тонна мұздатылған құс еті өндірілді, бұл 2021 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,1% артық.
Өндірістің басым бөлігі Алматы және Ақмола облыстарына тиесілі. Мәселен, Ақмола облысында республика бойынша өндірілген жаңа піскен немесе салқындатылған құс етінің 38,4%-ы және мұздатылған құс етінің 18,6%-ы, Алматыда жаңа немесе салқындатылған 16,6%-ы және мұздатылған құс етінің 50,6%-ы өндірілді.
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, отандық компаниялар құс еті мен жеуге жарамды жанама өнімдерге сұранысты (ішкі нарықтағы сату мен экспорт) бір жыл бұрынғы 68,9%-бен салыстырғанда...
Жыл басынан бері 30 907 азаматқа асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақыны тағайындалды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы клиенттерді жиі мазалайтын сұрақтарға жауап беру үрдісін жалғастырады. Азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты сауалдардың 20 пайызы асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыға байланысты екені анықталды.
Азаматтар күн сайын асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы кімге тиесілі және төлем қалай тағайындалатынын анықтау үшін 1414 желісіне хабарласады. Сонымен қатар, олар жәрдемақы көлемін, төлемді тоқтату, уақытша тоқтату, қайта бастау тәртібін және төлем мерзімін білгісі келеді.
Аймақтарды салыстыратын болсақ, ең көп өтініш Алматы қаласына тиесілі – 13%, одан кейін тізімде Шымкент (10%), Түркістан облысы (9%), Нұр-Сұлтан (8%), Алматы және ШҚО (7%). Ең аз...
Шығыс Қазақстанда адам саудасы, бас бостандығынан заңсыз айыру, жезөкшелікке мәжбүрлеу, құлдықты ұйымдастыру сияқты құқық бұзушылықтардың алдын алуға және әшкерелеуге бағытталған «STOP-трафик» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Акция аясында ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері облыс бойынша 630-дан астам шаруа қожалығын заңсыз еңбек пайдалануды анықтау және бас бостандығынан айыру бойынша тексерді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде полиция қызметкерлері қандай да бір еңбек шартын жасамай-ақ адамдарды жұмысқа жіберудің сегіз фактісін анықтады. Оның ішінде Тарбағатай ауданында 4, Зайсан ауданында 2 және Ұлан ауданында 2 жағдай тіркелген.
Сонымен қатар, құқықтық тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі бойынша қоғамдық орындарда тиіскені үшін тоғыз азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Өткізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша құжаттарсыз...
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген режиссер Эмир Байғазиннің «Өмір» фильмі Қазақстанның Оскар комитетінің шешімімен америкалық «Оскар» киноакадемиясының сыйлығына «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясында ұсынылды.
Байғазиннің жаңа картинасының әлемдік премьерасы осы күндері өтіп жатқан беделді Торонто кинофестивальінің «Заманауи әлемдік кино» секциясында орын алды.
Фильм үш жыл бойы Алматы, Түркістан облысы, Ақтау және Таиландта түсірілді. Картина тағдырлары қиылысып, бір калейдоскопты құрайтын адамдардың арасында жүріп, түрлі оқиғалар тізбегіне тап болатын кейіпкер туралы баяндайды.
Басты рөлді Еркебұлан Тасынов сомдаған. Байғазиннің өзі жобада сценарий авторы, режиссер, оператор және продюсер болды.
«Бұл фильмнің идеясы маған он...
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Нұр-Сұлтаннан Жезқазғанға жаңа №65/66 жолаушылар пойызы жол тартпақ.
Жолаушылар пойызы екі күнде жүреді: жұп күндері – Нұр-Сұлтаннан, тақ күндері – Жезқазғаннан кері.
Talgo вагондарынан құрылған пойызда 344 орын бар. Вагондар ауа баптау жүйесімен және биоәжетханалармен жабдықталған. Әр купеде электр розеткалар бар. Сонымен қатар, жолаушылар жол бойында Vputi.kz мультимедиялық порталында фильм көріп, музыка тыңдай алады.
Сондай-ақ, жолаушылар вагон-мейрамхананың қызметін пайдалана алады. Душ кабиналары тек Grand және Grand PMR класындағы вагондарда (мүгедектерге арналған) бар.
Еске салайық, ағымдағы жылдың қыркүйек айының басында №73/74 «Алматы-2-Жезқазған» бағытындағы Талго вагондарынан құрылған пойыз жолға шыққан болатын.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ № 65/66 Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол – Жезқазған пойызына билеттер сатылымы...
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның ішінде зейнетақы аннуитетіне қатысты өзгерістер бар.
Енді зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан тұлғалар оны жасаған күннен бастап екі жыл өткеннен кейін сақтандыру ұйымына шарттың талаптарын сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару бөлігінде өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
БЖЗҚ-ға қайтарылуға жататын ақша зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күндегі сатып алу сомасы мен сақтандыру сыйлықақысының сомасы арасындағы айырмаға тең.
Басқаша айтқанда, сақтандыру ұйымында зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% төмен емес айлық сақтандыру төлемінің мөлшерін өмір бойы қамтамасыз ететін сома қалуы тиіс.
БЖЗҚ-ға...
Атырауда жаңа өнім. Индердегі тұзды көлден жоғары сапалы ас тұзы өндіріле бастады. Бұл істі «INDERTUZCOMPANY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған, деп хабарлайды Индер аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазір кәсіпорында 10 жергілікті тұрғын еңбекпен қамтылған. Ас тұзы стандартты әдіспен өңделеді. Сапасы өте жоғары, кристалдылығы 99,5 пайызды құрайды. Йодталған ас тұзы Қазақстанның түпкір-түпкіріне жеткізіледі. Табиғи минералдың адам денсаулығы үшін, нақтырақ айтсақ, жүрек, қан айналымы үшін маңызы зор. Зауыттың техникалық директоры Димат Туғанбайдың айтуынша, айына 2000 тонна ас тұзын өндіру жоспарланған.
Қазір тауардың құжаттары әзірленіп жатыр. Сараптамадан кейін, нарыққа жөнелтіледі.
Кәсіпорын сағатына 20 тонна тұз өңдеуге қауқарлы. Қазірдің өзінде Ресей елінен тапсырыстар түсіп...
Атырауда жаңа өнім. Индердегі тұзды көлден жоғары сапалы ас тұзы өндіріле бастады. Бұл істі «INDERTUZCOMPANY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған, деп хабарлайды Индер аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазір кәсіпорында 10 жергілікті тұрғын еңбекпен қамтылған. Ас тұзы стандартты әдіспен өңделеді. Сапасы өте жоғары, кристалдылығы 99,5 пайызды құрайды. Йодталған ас тұзы Қазақстанның түпкір-түпкіріне жеткізіледі. Табиғи минералдың адам денсаулығы үшін, нақтырақ айтсақ, жүрек, қан айналымы үшін маңызы зор. Зауыттың техникалық директоры Димат Туғанбайдың айтуынша, айына 2000 тонна ас тұзын өндіру жоспарланған.
Қазір тауардың құжаттары әзірленіп жатыр. Сараптамадан кейін, нарыққа жөнелтіледі.
Кәсіпорын сағатына 20 тонна тұз өңдеуге қауқарлы. Қазірдің өзінде Ресей елінен тапсырыстар түсіп...
Ғалым осы өңірді мекендейтін құстардың «санағын жүргізіп», қанаттыларға қатысты зерттеу деректерін жаңартпақ.
Құстарды идентификациялауда терең білімі мен мол тәжірибесі бар ғалым қанаттылардың тыныс-тіршілігін бақылап, нақты мекендейтін жерлерін картаға түсіру тәжірибесімен бөлісу үшін арнайы шақырылып отыр. Сондай-ақ ол жергілікті орнитофаунаның ұлттық парк тізіліміне қаншалықты сай келетінін анықтайды.
– «Бурабай» ұлттық паркі Германияның Аға сарапшылар қызметімен 2016 жылдан бері ынтымақтасып жұмыс істеп келеді. Осыған дейін орман шаруашылығы мен герпетофауна саласын зерттейтін екі маман келген болатын. Құстардың популяциясын зерттеу үшін биыл алғаш рет орнитолог шақырдық. Ол өзінің тәжірибесімен бөлісіп, біз жасаған құстар тізілімінің толық екеніне көз жеткізуге тиіс, – деді «Бурабай» МҰТП аға...
Жолаушылар пойызы екі күнде жүреді: жұп күндері – Нұр-Сұлтаннан, тақ күндері – Жезқазғаннан кері.
Talgo вагондарынан құрылған пойызда 344 орын бар. Вагондар ауа баптау жүйесімен және биоәжетханалармен жабдықталған. Әр купеде электр розеткалар бар. Сонымен қатар, жолаушылар жол бойында Vputi.kz мультимедиялық порталында фильм көріп, музыка тыңдай алады.
Сондай-ақ, жолаушылар вагон-мейрамхананың қызметін пайдалана алады. Душ кабиналары тек Grand және Grand PMR класындағы вагондарда (мүгедектерге арналған) бар.
Еске салайық, ағымдағы жылдың қыркүйек айының басында №73/74 «Алматы-2-Жезқазған» бағытындағы Талго вагондарынан құрылған пойыз жолға шыққан болатын.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ № 65/66 Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол – Жезқазған пойызына билеттер сатылымы басталғанын хабарлайды және жолаушыларды BILET.RAILWAYS.KZ сайты...
Кедендік құнын төмендету мақсатында кәсіпкерлер «киім-кешектің» орнына декларацияда «маталарды» көрсеткен. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
2022 жылдың қыркүйегінде Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Алтынкөл-Жол» кеден бекетінде кеден заңнамасын бұзды деген күдікпен 6 теміржол контейнеріне инспекциялық тексеру кешені арқылы сканерлік әдіспен кедендік тексеріп-қарау жұмысы жүргізілді.
Аталған контейнерлер Қытай Халық Республикасынан ЕАЭО елдерінің біріндегі тауар алушының мекенжайына транзит процедурасы негізінде бара жатқан.
Кедендік тексеріп-қарау барысында аталмыш контейнерлерден ірі партиядағы контрабандалық тауарлар табылған ( тері тон, джинсы, шалбар, күртеше, белдемше, пижама, әртүрлі әйелдер киімі, т.б.). Алайда, тауардың көліктік-ілеспе құжаттарында кедендік-салықтық төлем құны төмен тауар «мата» көрсетілген.
Алдын-ала жүргізілген есепке сәйкес, жалпы салмағы...
Жыл басынан бері интернетте қызмет көрсететін шетелдік компаниялар, сондай-ақ интернет арқылы жеке тұлғаларға тауарларды сататын шетелдік сауда алаңдары (маркетплейстер) қосылған құн салығы немесе GOOGLE салығын төлеуі керек. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
GOOGLE салығын төлейтін шетелдік компания үшін тіркеу талаптары жеңілдетілген. Мәселен, тіркеу есебіне тұру үшін шетелдік компания ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне хат жіберсе жеткілікті. Осы арқылы олар шартты тіркеуден өтеді.
Жыл басынан бері 37 шетелдік компания, соның ішінде Apple, Meta, Google, Ebay, Amazon және басқа да көптеген әлемдік компаниялар шартты тіркеуден өтті. 2022 жылдың басынан бастап аталған компаниялар 6,1 млрд. теңге сомасына салық төледі.
Ең ірі салық сомаларын...
Қазақстанда, соның ішінде елордада халықты емханаға тіркеу науқаны басталды. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі кампания екі ай бойы, 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін созылады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынның елорда филиалы өткізген баспасөз мәслихатында баяндалды.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 38 медициналық ұйымға тіркеле алады. Олардың 18-і – мемлекеттік, қалғаны – жекеменшік клиникалар.
«Тіркеу науқаны кезінде азаматтар өзі тұратын аумақ шеңберіндегі мемлекеттік қана емес, жеке меншік клиникаларға да тіркеле алады. Ол үшін емхана Медициналық сақтандыру қорының жеткізушілер тізімінде болуы тиіс. Биылғы науқан барысында емхана ауыстырған азаматтар өзі таңдаған емдеу мекемесінің қызметін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалана алады...
ИИДМ-да мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға кедергісіз орта құру мәселесі талқыланды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Ашық сағат алаңы» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін кедергісіз орта қалыптастыруға арналған басқосу өтті. Жиынға Қазақстанның авиация әкімшілігі, отандық әуежайлар мен авиакомпаниялардың өкілдері және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Басқосуда ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева әуе көлігінде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға кедергісіз орта қалыптастыруға бағытталған қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге байланысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Бұл жұмыстар шеңберінде Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидасына бірқатар түзетулер енгізілді. Атап айтқанда, ментальді ақауы бар жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, мүмкіндіг...
ҚҰБ жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді және халықпен қолма-қол есеп айырыспайды
Ұлттық Банк қазақстандықтарға алаяқтық әрекеттердің қарқын алғанын ескертеді. Өздерін «полиция қызметкері» немесе «Ұлттық Банк қызметкері» деп таныстыратын қаскүнемдер азаматтарды алдап, несие, микрозайм рәсімдеуге, сондай-ақ үшінші тұлғаларға ақша аударуға арбайды. Мұндай схемалар алаяқтарды ұстау мақсатында банктік «науқан» деген сылтаумен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте іс-әрекеттерінің заңдылығын растамақ болып «Ұлттық Банктің жалған қызметкеріне» қоңырау шалған болады, қызметкердің жалған куәлігін де көрсетеді.
Алаяқтық әдістердің тағы бір түрі – Ұлттық Банк әзірлеген жеке инвестициялық бағдарламалар деп аталады. Мұндай онлайн-платформаларда инвестициялар, жалған лицензиялар және құқық белгілейтін құжаттар туралы жалған ақпарат орналастырылған.
Осыған байланысты Ұлттық Банк «құқық қорғау жүйесін...
Бүгін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында Сумбе трансшекаралық өзеніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен су тарту құрылысын бірлесіп басқару және пайдалану туралы келісімге қол қойылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Келісімге ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә.Л. Шалабекова, Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан Су шаруашылығы министрінің орынбасары Тянь Сюэбинь қол қойды.
«Су қатынастары біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Оған жоғары деңгейдегі барлық екіжақты кездесулерде су мәселелерін үнемі талқылау дәлел болады», – деді вице-министр өзінің кіріспе сөзінде.
Айта кету керек, аталған құжатқа қол қою...
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР тендер алаңында мемлекеттік және жеке сатып алуларға қатысатын инвестициялық компания атын жамылған «Qozgan inc.» ЖШС қаржы пирамидасының қызметіне тосқауыл қойды.
Ұйымдастырушылар сенгіш азаматтарға 105 күн ішінде салым сомасының сыйақысы 5-тен 30 пайызына дейін болатын, ақшалай қаражатты тендерлік жобаларға салуды ұсынып, онда салымшы өзімен бірге басқа салымшыларды алып келсе, ол 5 пайыз алатыны туралы жалған шарттар жасалған.
Салымшылардың жалпы саны 100-ден астам, қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталуда.
Қазіргі уақытта «Qozgan Inc.» компаниясының екі ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 2 айға дейін «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланып, қаржы пирамидасының заңсыз қызметіне басқа тұлғалардың қатыстылығы анықталуда.
Осыған байланысты...
Төлем жүйелері дегенде ең бірінші еске келетіні — MasterCard және Visa. Өйткені бұларды әлемнің түкпір-түкпірінде кең қолданады. Егер сізді бірнеше банк картасы болса, бірі MasterCard, енді бірі Visa болуы мүмкін. Мұндайда «бұл екеуінің айырмашылығы неде?» деген заңды сауал туындайды. Ендеше, оқырмандарға осы екі төлем жүйесі жайлы ақпарат бергенді жөн көріп отырмыз.
Visa Electron мен MasterCard Maestro айырмашылығы
Visa-ның бастапқы атауы 1958-1976 жылдар аралығында BankAmericard болған. Бірақ ауқымы кеңейген соң атауын нейтрал қылып ауыстырған жөн деген шешімге келеді. Сөйтіп бірнеше нұсқаның ішінен «виза» дегенге тоқталып, жаңа логотиппен, жаңа атаумен шығады. MasterCard болса, 1966 жылы Америкада Interbank Card Association деген атаумен...
2022 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі компанияның екінші облигациялық бағдарламасы шегінде шығарылған KEGOC мемлекеттік емес облигацияларының екінші шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеді.
KEGOC облигацияларының түрі «жасыл» болып өзгертілді. – Бұл KEGOC облигацияларының алғашқы «жасыл» шығарылымы. Оларды орналастырудан түскен қаражат жаңартылатын энергия көздерін энергия теңгеріміне ауқымды тарту, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар электр энергиясын жеткізу тиімділігін арттыру үшін қажетті желілік инфрақұрылымды салуға байланысты компанияның жобаларын іске асыруға жұмсалатын болады, – деп атап өтті «KEGOC» АҚ қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева.
Шығарылым көлемі 35 млн. қамтамасыз етусіз купондық облигация есебінен 35 млрд. теңгені құрайды, бір данасының номиналды құны 1 000 теңге. Облигацияларды «Қазақстан қор биржасы» АҚ-да (KASE) орналастыру ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған.
Сонымен қатар өзгерістер құбылмалы атанған және TONIA + тіркелген маржа индикаторына бекітілген облигациялардың купондық мөлшерлемесіне әсер етті. Бұл ретте тіркелген маржаның мөлшері облигацияларды орналастыру жөніндегі бірінші сауда-саттықтың қорытындылары бойынша айқындалатын болады. Купондар бойынша сыйақы төлеудің жиілігі артты, енді төлемдер жылына екі рет жүргізілетін болады.
«KEGOC» АҚ алғашқы жасыл облигацияларын шығару Қазақстанда ESG жобаларын дамытуға бағытталған экономиканың нақты секторындағы отандық эмитенттер санының өсуіне импульс береді, – деп атап өтті KASE басқарма төрағасының орынбасары Ермек Мажекенов.
Шығыс Қазақстан облысында 14-16 қыркүйегі аралығында облыс аумағында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы жоспарланған.
Осы іс-шара аясында жолдарда прокуратура, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, борышкерлерді анықтау бойынша рейдтер жүргізілетін болады.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 811-бабының (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі) талаптарына сәйкес азаматтардың әкімшілік хаттама толтырылған сәттен бастап 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50% – ын қысқартылған өндіріс тәртібінде төлеуге құқығы бар екенін хабарлайды. Осы құқық пайдаланылмаған жағдайда толық соманы ерікті түрде, бірақ отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге мүмкіндік бар.
Айыппұл төленбеген...