Биылғы ІІ тоқсанда «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры арқылы Қазақстаннан тасымалданатын мұнай көлемі күрт ұлғайды. Бұл туралы «ҚТО» баспасөз қызметінен хабарлады.
«2023 жылдың II тоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау портында Теңіз кен орнынан «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша экспортқа 347,1 мың тонна мұнай жөнелтті», делінген компания хабарламасында.
Ал, бірінші тоқсанда осы бағыттағы қазақстандық мұнай экспорты 19,2 мың тоннаны құраған.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кенішінен Баку-Тбилиси-Джейхан мұнайы бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісімге қол қойған болатын.
Сонымен қатар, биыл...