Итальяндық Eni мұнай-газ компаниясы қазіргі қиын макроэкономикалық жағдайға байланысты 20 мыңға жуық қызметкерлерді қолдау үшін 85 миллион еуро бөлді. Бұл туралы Интерфакс ру сайты хабарлады.
Қандай көмектер көрсетіледі. Атап айтқанда, қараша айында 3 мың еуро мөлшерінде біржолғы төлем көзделеді. Қашықтықтан жұмыс істеген кезде жұмыс күндері есептелетін электрондық азық-түлік талондарына бөлінетін сома 45% – ға ұлғайтылады. Сонымен қатар, компания жұмысшыларға автокөлікке жанармай немесе электр қуатын 200 еуроға құю үшін субсидия береді.
«Бұл қызметкерлерге көмек бағдарламасы Eni қызметкерлері мен олардың отбасыларын қолдауға бағытталған. Адами капитал Enі компаниясыныңi негізі болып табылады,», – делінген компанияның хабарламасында.
Үшінші тоқсанда...