Алматыдағы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары кәсіпкерлерден ірі көлемді пара алу бойынша күдікті болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
«Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша күдікке іліккен. Қаражат мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесу үшін алынған», – деп жазылған хабарламада.
Тергеу сотының санкциясымен қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Күдіктіге қатысты тергеу жалғасып жатыр. Күдікке ілікен әкім орынбасарының кім екені айтылмаған.
Жалпы әкімдік...