ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясына тарифтерді түзету туралы хабарлады.
Хабарламада елде электр қуатының шекті тарифтері тағы көтерілуі мүмкін екені айтылған.
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес 24 энергия өндіруші ұйым (ЭӨҰ) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифті түзетуге өтінім берді… Берілген өтінімдерге сәйкес Қазақстан бойынша ЭӨҰ шекті тарифтерінің орташа өсуі кВтсағ үшін орта есеппен 2 теңге болады» – дейді ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство қазір бұл өтінімдер қаралып жатқанын мәлім етті.
ЭӨҰ деректері бойынша, түзету компанияға тәуелді емес шығындардың өсуіне байланысты. Атап айтқанда өтінімдерде тасымалдауды ескере отырып, отынға...