2024 жылдан бастап жол апаты жиі болатын өңірлерде автокөлікті міндетті сақтандыру құны қымбаттайтыны белгілі болды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті сақтандыруға қатысты автокөлікті сақтандыру бағасы әр өңірдегі жол-көлік апатының көрсеткішіне байланысты өзгереді. Осылайша, сақтандыру жарнасы кейбір өңірлерде қымбаттап, кей өңірде арзандайды. Қарағанды және Ұлытау облыстарында – сақтандыру құны өзгермейді.
Бұл енгізілген жаңа ережелерге қатысты сақтандыру компаниялары да өз пікірлерін білдірді.
«Халық» сақтандыру компаниясы
– Өзгерістер бұрын бекітілген тарифтер уақытына түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, жаңа ережелер сақтанушы мен сақтандырушы арасында әділеттік орнатады. Тұжырымдама тұрғысынан алғанда дұрыс...