АҚШ пен Еуропа қор нарықтарында көрсеткіш төмендеді, Shanghai Composite индексі керісінше жоғарылады
фото: kursiv.media
АҚШ. Бейсенбіде Dow Jones индексі 1,08%, S&P 500 1,64% және Nasdaq Composite 1,82%-ға төмендеді. Бұл ретте S&P-дің барлық 11 секторы сауда-саттықты төмен көрсеткішпен аяқтады, тұтыну тауарлары мен жылжымайтын мүлік секторлары «іліп аларлық» нәтижеге де қол жеткізе алмады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының шолуында айтылған.
Ақпаратқа сәйкес, 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі 16 жылдық деңгейге дейін өсті. Бұған ФРЖ-ның көңіл көншітпес пікірлері ықпал етті.
Google компаниясы 2027 жылы AI чиптерін жеткізуден бас тартуы мүмкін деген жаңалықтан кейін Amazon акциялары 4,4%-ға, ал Broadcom 2,7%-ға төмендеді. Компания Splunk киберқауіпсіздік бағдарламалық жасақтамасын 28 миллиард долларға сатып алатынын айтқаннан кейін...