Алматы мектептерінің бірінде 46 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын ұрлаған мектеп есепшісі 7 жылға сотталды. Бұл жайлы Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы өзінің жеке шотына штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын соманы заңсыз аударып келген.
«Аталған факті бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады», – деп хабарлайды прокуратура.
Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы яғни сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы сонымен бірге материалдық-жауапты лауазымдарды...