Қырғыз-қазақ шекарасындағы «Ақ-тілек» (Қырғыз Республикасы) – «Қарасу» (Қазақстан Республикасы) өткізу пунктінде жүк көліктерінің кептелісіне жүк ағымының артуы себеп болған. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі хабарлады.
«Оған жеміс-көкөніс өнімдерін тасымалдау және жалпы Қазақстан арқылы транзипен өтетін маусымды жүк ағымының артуы себеп», -делінген хабарламада.
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінің өткізу мүмкіндігі тәуілігіне 300 көлік құралын құрайтынын атап өткен.
Қалыптасқан жағдайға байланыс Қырғыз Республикасының МҰҚК Шекара қызметімен тығыз өзара әрекеттестік ұйымдастырылған.
Бүгін Қазақ-қырғыз шекарасында тағы да 500 жүк көлігі тұрып қалғаны мәлім болды. Қырғызстанның шекара қызметі көлік кептелісіне Қырғызстаннан ауыл шаруашылығы өнімдер...