Our World in Data сарапшылары жүргізген бақыт пен өмірге қанағаттану рейтингінде Қазақстан 165 елдің арасында 49 орынға тұрақтапты. Дегенмен, еліміздегі тұрғындардың өмірге қанағаттану деңгейі посткеңестік кеңістіктегі басқа елдермен салыстырғанда жоғары. Зерттеу «Кантрила сатысы» әлеуметтік әдісін қолдану арқылы халық арасында сауалнама жүргізу негізінде жүргізілді. Бұл 0-ден 10 балға дейінгі қарапайым шкала, мұнда максимум — адам өмірін ең жақсы деп бағалау, ал минимум — ең нашар. Мұндай сауалнамалар әлемнің 165 елінде жүргізілді, рейтинг үшін әр ел бойынша орташа балл таңдалды, деп жазады finprom.kz порталы.
Қазақстанда орташа балл 6,14 болған, бұл респонденттердің өз өмірлеріне жартылай ғана қанағаттанғанын...