Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «ҚазМұнайГаз» АҚ мен қытайлық CNPC компаниясына тиесілі «Petrosun» ЖШС-на 542,9 млн теңге айыппұл салды. Компания нарықтың жекелеген субъектілеріне АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны саудасын негізсіз шектеген.
«Осыған байланысты, департамент қызметкерлерінің қорытындысы негізінде «Petrosun» ЖШС үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша 542,9 млн теңге сомасы көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ агенттік «Petrosun» ЖШС-нің іс-әрекеттері жекелеген контрагенттермен шарттардың талаптарын бұзып, олардың заңды құқыгі мен мүддесіне қысым жасауға әкеп соқтырды деп тұжырымдайды.
БҚДА шілде айында Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі PetroRetail компаниясының, халыққа QazaqOil брендімен танымал станциялар желісінің «ҚазМұнайГаздан...