Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі ел арасындағы тауар айналымы бойынша статистика әр алуан екенін айтты. Статистикадағы айырмашылы $1,2 млрд құрайды. Тікелей инвестициялар статистикасында да алшақтық бар.
Қостанайдағы Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында алдымен сөз алған Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасында тауар айналымы $27 млрдқа жеткенін айтты.
«Ресейден тікелей инвестициялар көлемі $20 млрд. Қазақстандағы 42 мыңнан астам шетелдік өндірістің жартысына жуығы (19 мың) ресейлік», – деді мемлекет басшысы.
Тоқаевтан кейін сөз алған Владимир Путин ресейлік статистикада цифрлардың әлдеқайда жоғары екенін айтты.
«2022 жылы біздің Қазақстанмен тауар айналымымыз 10% өсті. Қасым-Жомарт Кемелұлы $27 млрд деп атап өтті. Ал біздің статистика бойынша $28,2 млрд өскен», — деді Путин.