Тікелей эфирде өткен брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев күшейтілген карантин талаптарын түсіндірді.
«Тұрғындар үй жануарларын үй маңында серуендете алады. Егер азаматтар басқа себеппен сыртқа шықса, онда алдымен ескерту, одан кейін кейіннен 26,5 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Полиция қызметкері хаттама толтырып, істі сот қарайды. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген», – деді Абаев.
Сонымен қатар министр коронавирустан қайтыс болған кісіні қалай жерлейтініне қатысты түсініктеме беріп өтті.
«Бүгін-ертең бас санитар дәрігердің ресмиқаулысы шығады. Ол жерде қатаң сақталуы керек ережелер көрсетіледі. Дәрігерлер...