Агроөнеркәсіп саласына жеңілдетілген несиені беруде ашықтық болуы керек

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарушы

 Үкімет Ауыл шаруашылығы секторындағы жобаларды  жүзеге асыруға мақсатында 100 млрд.  теңге көлемінде жеңілдетілген қаржыландыруға арналған жобаны  талқылады.  Комиссияның қаулысымен аталған бағдарламаны жүзеге асыруға қаражат бөлу бекітілді

  Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген жобаға сәйкес, аталған қаржы  шаруаларға 10 жыл мерзімге  дейінгі несие  2,5 пайызбен берілмек. Несиелендірудің ең жоғарғы соммасы 5 млрд теңге деп бекітілді.   

Үлкен жобаның мақсаты – сүт  фермалары,  көкөніс қоймалары  ет құс фабрикалары  сондай-ақ балық өсіру жобаларын қолдау.

Әрине Үкімет  тарапынан  ауыл шарушылығы саласын дамытуға қосымша төмен пайызбен  100 миллиард теңге бөлу туралы шешім шығарғаны қуантады. Себебі қазіргі таңда жаңадан шаруа  қожалығын ашып, осы  саламен айналсамын деушілер өте көп. Бірақ, солардың  барлығына қол байлау болып отырған мәселе осы қаржы. Көпшілгінің осындай жеңілдетілген төмен пайызбен несиелерге қолдары жете бермейді.

 Бүгінгі Үкіметтің қадамы елдегі ет, сүт өнімдері мен көкөністерді өсіру мен сақтауды дамытуға жасалып отырған дұрыс шешім деп санаймын.

Әсіресе сүт өндірісі бізде кенже қалып отыр. Мәселен, қазіргі жағдайда біз бар болғаны 2 млн. тонна сүт өндіреміз. Ал, біздің ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуіміз үшін  6 млн. тонна сүт керек екен. Яғни, қажетті сұраныстың 30 пайызын ғана қамтамасыз ете алып отырмыз.  

 Тағы бір айта кететін мәселе біздегі ауыл шаруашылығын дамыту саясатында   тұрақтылық жоқ. Мәселен, соңғы бес жылда дәл осы ауыл шаруашлығында төрт министр ауысты. Әр министр ауысқан сайын аталған салаға қатысты үкіметтің көзқарасы мен қадамдары да өзгеріп отырады. Бұның арты барып саланың кенжелеп қалуына әкеп соқтырады. 

Жалпы алғанда бүгінгі бөлеміз деп отырған 100 млрд. теңге көлеміндегі қаржы да соншалықты көп ақша емес. Ауылшарушылығы минстрінің орынбасарының айтуынша елдегі жиырма  аймақтан  471 млрд. теңгені қажет ететін  ұсыныстар түскен. Осының өзі бізде  қолында ауыл шаруашылығын дамытамын деген дайын жобасы бар азаматтардың көп екенін көрсетеді.

 Осы жерде тағы бір айта кететін мәселе бөлінген қаражат көп болмаса да шаруаның қолына нақты адал жолмен жету механизмдері дұрыс жұмыс істесе. Бұл үшін бірінші кезекте аталған жеңілдетілген несиені беруде ашықтық болуы керек деп санаймын. Жасыратыны жоқ бізде осы жағы ақсап жатады.

Менің жеке пікірімше Үкімет ауыл шаруашылығын дамытуға қажетті мөлшерде қамқорлық танытса, біз тек ішкі нарықты ғана емес, экспортқа шығаруға да мүмкіндігіміз бар елміз.  

Сондықтан мен өз басым мұндай бастамаларды қолдаймын.