Соңғы 5 жылда Қазақстан аумағында 40 мыңға жуық жер сілкінісі тіркелді

Әсіресе Алматы облысы бұл жағынан Орталық Азияда өте қауіпті
ҚР ТЖМ Сейсмология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары

Бауырлас Түркия мемлекеті географиялық оналасуы жағынан альпі-Гималай сейсмикалық белдеуінің белсенді аймақтарының бірі.

Түркияда бұған дейін де бірнеше мәрте күшті жер сілкінісі болған.  Соңғы күндердегі  жер сілкінісінің магнитудасы 7,8 – шамамен 9-10 балл болды. Ал, 1999 жылы 17 наурызда осы елде болған Измит жер сілкінісінің күші шамамен дәл осындай тәртіппен – 7,6 балл болды. Ол кезде де ауыр зардаптар мен елеулі адам шығыны болды.  Одан да ертерек, 1992 жылы 13 наурызда эпицентрі Эрзинджан қаласына жақын оранласқан 100 мыңнан астам адам тұратын жерде 7-8 баллдық жер сілкінісі болған болатын. 

Түркиядағы бүгінгі жер сілкінісін болжау мүмкін болды ма?,-деген келер болсақ,Аталған елде сейсмикалық желілер жақсы дамыған. Бірақ бір нәрсені айта кету керек, мұндай апатты тек Түркияда ғана емес, бүкіл әлемде болжау өте қиын. Әсіресе қысқа мерзімді болжам жасау қиын.    Тұтастай алғанда, бұл бүкіл әлемде әлі шешімін таппаған мәселе. 

Қазір осы саладағы әлем ғалымдары Түркияда жер сілкінісі жақын күндері қайталануы мүмкін бе, деген сауалды талқылап жатыр.  Қазір ол елде афтер сілкіністер үздіксіз жалғасуда.

 Ал, Қазақстанның сейсмикалық жағдайы қандай? – деген сауалға келер болсақ. Еліміздің өнеркәсіптік әлеуетінің 40%-ы оңтүстік-шығыс аймақтарда орналасқан. Сондықтан бұл аймақтар сейсмикалық белсенді, сәйкесінше қауіпті болып саналады.

Негізінде Шығыс Қазақстан облысынан бастап, Қызылорда облысына дейінгі аумақтарда  жерасты дүмпулері жеті-тоғыз баллға дейін жетуі мүмкін сейсмикалық қауіпті жерлер бар. Әсіресе Алматы облысы бұл жағынан Орталық Азияда өте қауіпті. Тарихқа үңілсек, бұрын бұл жерде күшті жойқын жер сілкінісі  бірнеше рет болған. Мәселен, 1887 жылғы Верный жер сілкінісі және 1911 жылғы Кемин жер сілкінісін айтуға болады.

Қазақстандық сейсмологтар еліміздегі сейсмикалық қауіптілік бойынша тұрақты түрде жұмыс істейді. Қазіргі таңда жалпы сейсмикалық аймақтарға бөлу, деп аталатын карталар әзірленуде. Мұнда сейсмикалық қауіпті, сейсмогендік аймақтардың сейсмикалық әлеуетінің көрсеткіші көрсетілген.   Сонымен қатар,  Алматы қаласы бойынша сейсмикалық микроаймақтандыру картасы әзірленді.

 Соңғы бес жылда Қазақстан аумағында 40 мыңға жуық жер сілкінісі тіркелді. Нақты статистикамен айтар болсам, 2018 жылы – 8500,  2019 жылы – 7800,  2020 жылы – 9500, 2021 жылы – 6700, 2022 жылы – 6900 түрлі деңгейдегі жер асты дүмпулері орын алған. Бұл геологиялық аймақтың сейсмикалық фоны, немесе сейсмикалық өмірі деп айтуға болады. Яғни, бұл жиі кездесетін нәзік треморлар.

Әрине арасында тұрғындар кәдімгідей сезінгендері де бар.  Мәселен,  соңғы бес жылда Қазақстан аумағында осындай 66 сейсмикалық оқиға тіркелді. Нақты айта кетейін,  олардың әр жылдардағы саны әртүрлі. Мысалы, 2018 – 20, 2019 – 11, 2020 – 15, 2021 – 11, 2022 – 9 мәрте жер асты қозғалыстары орын алды. Соңғы сезілген жер сілкінісі Алматыда 2022 жылдың 28 желтоқсанында болды. Эпицентрі Алматыдан 190 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытаймен шекаралас жерде болды.

Сейсмологиялық жағдайды бағалау үшін біздің институт қызметкерлері әртүрлі өзектілік бойынша болжамды бағалаулар жасайды. Орта мерзімді болжам бар, қысқа мерзімді болжам бар.  

Күні кеше ғана біз Алматы полигоны аумағындағы жер сілкінісінің орташа мерзімді болжамы бойынша қорытынды әзірлеп, уәкілетті органдарға тапсырдық. Бұл тұжырымға сәйкес, 2023 жылы Алматы полигоны аумағында жеті баллдық күшті жер сілкінісі күтілмейді. Ғылыми зерттеулер бойынша апта сайынғы қысқа мерзімді қорытынды жасалады. Аталған қорытынды 200-ден астам болжамдық параметрлерді талдау негізінде құрастырылады. Осы тұжырымдарға сүйене отырып  алдағы аптада бәрі тыныш болады деп   отырмыз.