Халық арасында қор нарығына қызығушылық жоғары

Экономика ғылымдарының докторы

 Қаржы әлемін бақылап отырған кейбір сарапшылар  елдегі екінші деңгейлі банктер мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына ерекше қызығушылқ таныта бастады деген пікір айтуда. Олар  осыған дейін қор, инвестиция нарығындағы ойыншылардың банкпен немесе банктердің олармен интеграциялануына деген ықыласы барынша аз болғанын алға тартады. Сарапшылыр   коммерциялық несиелеудің облигациялар шығарудан түбегейлі айырмашылығы – ашықтықта дейді.  Жалпы, қор нарығындағы  бағалы қағаздарға түрлі қаржы ұйымдарының қызығушылығы артып келе жатуына қаржы әлеміндегі нақты қандай жағдайлар әсер етіп отыр?

  Көзі ашық ақшалы азаматтар, тапқан табысын жоғалтпай оны өсіріп отырғысы келетіні айқын. Қаржы нарығы әртараптанған, және оларда волотилдік басым. Сондықтан жеке инвестор үшін өз ақшасын тиімді жобаға  сала білуі маңызды. Біздің елімізде көпшілікке белгілісі  банктердегі депозиттер. Ол  жерде негізінен теңгеге басымдық бар да, доллар және басқа валюта салу тіимді емес. Себебі шетелдік валютаның үстемесі бар болғаны 0.7 – 1.0 пайыз мөлшерінде болып келеді. 

Тиімді инвестицияның тағы бір жолы шетел компанияларының бағалы қағаздарын сатып алу. Бір қарағанда тиімді, 10-25 пайызға дейін өсімдері бар.  Бірақ,  ол да тұрақты емес. Акция бағасы бірде көтеріліп, бірде түсіп жатады. Тіпті алпауыт компаниялардың да келешегін болжау оңай емес.

Мен кезінде Фридом финанс арқылы әлемдік деңгейдегі ірі компаниялардың Фейсбук, Аpple, Майкрософ т.б. акциясын алдым, оларды уақытылы сатып үстінен айтарлықтай пайда көрдім. Одан бөлек  Амазон, Мета,  ДиДи  компанияларының акциялары тиісінше минусқа кетті  әрине ұтылдым.    Сондықтан қазіргі уақытта тиімді салым іздеудемін. Олардың бірі қазір шығарылып жатқан бағалы қағаздар – бұрынғыша айтсақ мемлекеттік займдар, оларды ірі  қаржы институттары да шығаруда, пайыздық үстемесі 10 және онан да жоғары болып келеді.

Олардың негізгі түрлері аз мерзімге, орташа мерзімге, индекстелген және Ұлттық Банк нотасы, ұлттық жинақтаушы облигациялары, т.б.   Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі оның сенімділігі мен өтімділігінде. Сонымен қатар оны  мемлекетпен кепілдендіреді.  Олардың түр-түрі бар – пайыздық, дисконтты, ұтыс және аралас (комбинированные) бағалы қағаздар. Сондықтан  да салымшылар үшін тартымды.

Мемлекеттік бағалы қағаздар банктер арқылы да сатылуда. Сол себепті де   қаржы институттарының қызығушылығы артуда. Себебі, қаржының қалай дегенмен де жұмыс істеуі банктерге де тиімді.

Банктердің коммерциялық несиелендіруінің пайыздық үстемақысының 20 %-дан  кемі жоқ, тіпті одан да жоғары. Халық амалсыз оған жүгінеді де, кейін банкрот болып жатады. Ал бағалы қағаздарда тәуекелділігі мен ашықтығы  басым, жеке  инвесторлар қаржы нарығының шеңберінде жүреді. Түсіне білгенге бұл да маңызды.

Қор нарығына қызығушылықтың тағы бір қыры, ол әлемдік нарықтағы ауытқушылықтардың болу қаупі. Олар мемлекетаралық саясатқа да тәуелді. Әсіресе солтүстік көрші елдің әскери басқыншылық іс-қимылы, көптеген қаржы институттарына залалын тигізуде. Әсіресе АҚШ пен Қытай қарым-қатынасының әлемдік қаржы нарығына ықпалы зор екенін білеміз.

IPO нарығы да қызғылықты, бірақ Қазақстанда ол ашық және ауқымды жүргізіліп жатқан жоқ. Сонымен қатар ұлттық компаниялардың жағдайы алаңдатарлық.  Өйткені олар негізінен мұнай мен газ саласында. Оларды экспорттау проблемасы қазір өршіп тұр.  Сондықтан олардың бағалы қағаздарына сенім аз.

Тағы бір бір қызықты нарық бұл криптовалюта. Өте тиімді, ешқандай ортада делдал банктер жоқ, салымшыға ашық, қолдануға оңай, бірақ волотилдігін болжау қиын. Мысалы биткойн өткен жылдың  аяғына қарай 15 мың шамасында болса қазір 24 мың 453 АҚШ долларына жетіп тұр.    Сондықтан  «ортақ өгізден оңаша бұзау артық» демекші  он өзгеріп тұрған қаржы нарығында талабы белгілі, мемлекеттің кепілдігіндегі инвестицияның тиімділігін халық түсініп,  соған бетбұрыс жасауда.