“Қоғамдық бақылау туралы” заң билік пен халық арасын жақындата түседі 

Zertteu ҚҚ директоры

Апта басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған құжат  «Қоғамдық бақылау туралы» Заң деп аталады.

Біріншіден, жаңа заң  елдегі қоғамдық дамуға қаншылықты әсер ететіні жағынан келу керек деп санаймын. Заң азаматтық белсенділікті, сондай-ақ халықтың өз айналасында болып жатқан оқиғаларға жауапкершілігін арттырады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасының артуына әсер етеді деп санаймын. 

Осы орайда қоғамдық бақылау жүйесін осылай арнайы заңмен шегелеуге не себеп болды деген сауалдар туындап жатады. Меніңше бұл құжат қоғамдық мониторингке құқықтық негіз жасайды. Нәтижесінде енді азаматтарды мемлекет ісіне араласты деп айыптауға ешкімнің де құқығы жоқ деген сөз.  Сондай-ақ, заңда қоғамның әрбір мүшесі үшін мемлекет ісін жүйелі және тұрақты бақылауға жағдай жасалып, оны қалай дұрыс жүргізу керегі туралы ережелер айқындалған.

Сонымен қатар бұл заң  билік пен халық арасын жақындата түседі  деп санаймын.

Яғни, аталмыш заң  азаматтар мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесуіне негіз жасайды. Мемлекеттік органдар азаматтардың қоғамдық мониторинг жүргізуге құқығы бар екенін түсінеді. Бұл жерде айта кетерлік бір жағдай қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлық және сапасыз мемлекеттік қызмет көрсетумен күресудің бір жолы деген түсінік қалыптасуы керек. 

 Бұл заңның негізгі бір артықшылығы халық, яғни қоғам Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы бюджетті  бақылай алатын болады. Осы жерде, бізде бұрынан Open budget  арқылы бақылау мүмкіндіктері бар емес пе? Мұның қандай артқышылығы болады?, – деген заңды сауалдар туындауы заңдылық.  

Бұл жерде айтарым, иә, Open budget  жүйесі арқылы бюджетттегі ашықтық пен ақпаратқа қолжетімділік туралы көбірек мүмкіндік бар. Ол жерден азаматтар өзіне қажетті бюджеттік ақпаратты ғана ала алады. Ал заң қоғамдық мониторинг жүргізудің тәртібі мен тетіктерін белгілейді. Яғни, сол бюджет туралы алынған ақпаратты одан әрі қалай пайдалануға болады,  мысалы бюджеттің игерілуі, немес мемлкеттік сатып алудың қалай жүзеге асқандығы, бөлінген милиардтаған қаржының ары қарайғы жұмсалу поцестеріне халықтың тікелей аралалсып отыруына мүмкінідік беріп отыр. Қысқаша айтқанда, қабылданған жаңа заң қоғам дамуына белгілі бір деңгейде нақты тетіктер арқылы әсер ете алады деп ойлаймын.