Жеткілікті шектің өсуі ипотекалық дағдарыстың басталуына ықпал етеді

Жылжымайтын мүлік нарығының тәуелсіз сарапшысы Анна Шацкая БЖЗҚ-да қалуы тиіс жеткілікті шектің өсуі пәтер бағасына қалай әсер ететінін, соған байланысты тұрғын үй нарығында қандай  өзгеріс болатынын айтты.
Жылжымайтын мүлік нарығының тәуелсіз сарапшысы

Жылжымайтын мүлік нарығының тәуелсіз сарапшысы Анна Шацкая БЖЗҚ-да қалуы тиіс жеткілікті шектің өсуі пәтер бағасына қалай әсер ететінін, соған байланысты тұрғын үй нарығында қандай  өзгеріс болатынын айтты.

Бұған дейін БЖЗҚ-ның зейнетақы қаражатының ағымы 2022 жылы 50-60%-ға қысқаратынын туралы болжам жасаған едік, себебі биыл 30 жыл бойы жиналған қаражаттың бір бөлігін алу мүмкіндігі берілді. Korter.kz мәліметі бойынша,  биыл тұрғын үй бағасы 30%-ға дейін көтерілді.

Жеткілікті шегін 1,8 есе арттыру тұрғын үй жағдайын шешу үшін өз жинағын пайдалана алатын азаматтардың санын күрт қысқаруына себеп болды. Егер бұған дейін 2022 жылы жеткілікті шегі бар салымшылардың саны шамамен 390 мың азаматты құрайды деп болжанса, енді жеткілікті шегі артқаннан кейін бұл көрсеткіш екі еседен көп қысқарады. 

Көптеген азамат 2021 жылдың соңына қарай жеткілікті шегіне жетеміз деп үміттеніп, осылайша ипотекалық қарызын өтеуді немесе ипотека алуды ойлады. Алайда енді бұл үміт үзілуге шақ.  Тұрғын үй жағдайын жақсартуды жоспарлағандардың  биліктің бұл әрекетінен қатты көңілі қалды.

Мұндай шаралар тұрғын үй нарығындағы жағдайды одан әрі ушықтырып, адамдардың табысы арасындағы алшақтықты байқатады. Себебі енді зейнетақы жинақтарын табысы жоғары адамдар ғана пайдалана алады. Орташа табысы бар азаматтар қазір бұл мүмкіндіктен айырылды.

Тағы бір мәселе бар. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға рұқсат беру азаматтарға табысын заңдастыруға ынталандырды, алайда талаптың қиындауы бұл бастамаға керісінше әсер етеді.

Осыған байланысты төлем қабілетіне сұраныс 2022 жылы күрт төмендейді, оның ішінде ипотекаға деген  сұраныс та құлдырайды. Тұрғын үй нарығындағы жеткілікті шегінің артуына байланысты тоқырау басталуы мүмкін, бұл нақты ипотекалық дағдарыстың басталуына себеп болады.