Коронавирус пен пневмония статистикасы біріктіріледі

Жарияланды
ДДСҰ-ның Еуропалық бюросы жүргізген техникалық кеңесті есепке ала отырып жасалған

Қазақстанда пневмониямен ауырғандар КВИ жұқтырғандардың статистикасына енгізілетін болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ тікелей эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

    «Коронавирус пен пневмония бойынша мәліметтердің ашықтығын барынша қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық мәліметтерді тіркеу және ақпараттандырудың жаңа амал-әдістерін айқындады. ДДСҰ-ның Еуропалық бюросы жүргізген техникалық кеңесті есепке ала отырып, біз КВИ жағдайларын кодтау мен тіркеуде халықаралық аурулар квалификациясының жаңа кодына өту туралы шешім қабылдадық», – деді Алексей Цой. 

Осылайша, COVID-19 ауруының зертханалық тұрғыда дәлелденген жағдайлары – ПТР тест теріс нәтижелі, бірақ COVID-19 клиникалық және эпидемиологиялық белгілерімен ұқсас пневмония жағдайымен теңестіріледі.
 

Сондай-ақ оқыңыз