Қазақстанда 2 адамнан коронавирус анықталды

Жарияланды
«Тұтыну нарығы» бөлімінің редакторы
Екеуі де алматылық тұрғын

Бүгін Қазақстанның екі  азаматынан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

» Бүгін біз тексеру барысында екі азаматтан  коронавирус шыққанын анықтадық. Олар Германиядан ұшып келген «,-деді Біртанов.

Қазір екеуі де Алматыда.

«Қазіргі таңда бұл екі науқас та инфекциялық стационарға жатқызылды. Клиникалық белгілері жоқ, халі жақсы. Қажетті шаралардың барлығы қабылданып жатыр «- деді Денсаулық сақтау министрі.

Оның айтуынша, бір ер және бір әйел адам 9-ы және 12 наурызда ұшып келген. Сол 9 наурызда ұшып келгендердің барлығы карантинге жіберілген. Сол күнгі рейсте болған 73 жолаушыны тауып, карантинге жатқызу жағын қарастырып жатырмыз деді Біртанов.

 

Сондай-ақ оқыңыз