Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5%-ға дейін көтерді
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен 13,5% деңгейінде белгілеу туралы кезектен тыс шешім қабылдады. Шешім 2022 жылғы 24 ақпанда күшіне енеді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Бұған дейін, 2022 жылғы 24 қаңтарда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,75%-дан 10,25%-ға дейін көтерген еді. Келесі шешім ағымдағы жылдың 9 наурызында ғана қабылдануы тиіс болатын.
2016 жылғы шілдеден бері Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені жоспарлы түрде 15%- дан төмендетіп келеді. 2020 жылдың ақпан айында Қазақстанда базалық мөлшерлеме 9,25% деңгейінде белгіленді, наурызда ол күрт 12%-ға дейін көтеріліп, сол жылдың сәуір айында ол 9,5%-ға дейін төмендеген. 2020 жылдың шілдесінен бастап ол 9% деңгейінде тұрақтағандай еді. 2021 жылғы шілдеде ол 9,25%-ға, қыркүйекте – 9,5%-ға дейін, ал қазан айынлда 9,75%-ға дейін көтерілді. 2021 жылдың желтоқсанында 9,75% деңгейнде қалған еді.