Айырбастау пункттерінде еуроға деген сұраныс құлдырады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Халықтың еуроға деген сұранысы неге төмендеді /Фото: shutterstock.com

Тамызда еуроның таза сатылымы (валютаны сату мен сатып алу арасындағы айырма) 1,2 млрд теңгені құраған. Бұл шілдедегі көрсеткіштен номиналды түрде 88%, ал 2023 жылғы тамызбен салыстырғанда 92%-ға аз. Шілде айында еуроның таза сатылымы 10 млрд теңгені құраған еді. Бірінші несие бюросының мәліметінше, еуроға деген сұраныс 2018 жылдан бері қатты төмендеген.

Мамандар сұраныстың төмендеуін еуро бағамымен байланыстырады. Тамызда еуро бағамы шілдемен салыстырғанда 2,2%-ға қымбаттаған. Қалай болғанда да, қазір еуроға деген таза сұраныс рубльге қарағанда төмендеу қалыптасты.

Ұлттық банк дерегінше, халық алты айда алғаш рет рубльден арылуын тоқтатқан. Наурыздан бастап шілдеге дейін рубльге деген таза сұраныс теріс мәнде қалыптасқан еді. Ал тамыз айында рубльдің таза сатылысы 5,5 млрд теңгені құраған. Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары 2 млрд теңгеге тең рубль сатып алса, алматылықтар 2,9 млрд теңгенің рублін сатқан.

Өткен айда долларға деген сұраныс әдеттегідей жоғары болған. Тамызда таза сатылымы 110,6 млрд долларды құрады. Бұл ретте өткен айда доллап бағамы біршама көтерілген. Алматы мен Шымкент қаласының тұрғындары тарапынан долларға деген сұраныс жоғары болған.

Шілдеде алықтың долларға деген сұранысы төмендеген болатын. Бұл айда қазақстандықтар айырбастау пунктерінен 97,3 млрд теңгеге доллар сатып алды. Жеке және заңды тұлғалар 9,5 миллиард теңге сомаға рубль айырбастаған.

Сондай-ақ оқыңыз