Еуроодақ Өзбекстанның ДСҰ-ға кіруін қаржыландырады

Жарияланды
Сонымен қатар, Арал өңіріндегі экологиялық апаттың зардаптарын жоюға ақша ббереді

Еуроодақ Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруін қаржыландырады. ӨР СыртқыІсминінің хабарлауынша, осы мәселені реттейтін тиісті келісімге республиканың сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов пен Еурокомиссияның халықаралық әріптестік және даму жөніндегі бас директоры Коен Доенс қол қойды.

«Өзбекстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі» келісімі шеңберінде Еуроодақ €5 млн бөлетін болды. Грант қаржысы республиканың ДСҰ-ға қосылу процесіне көмек көрсетуге жұмсалмақ. Атап айтқанда, қажетті құжаттарды дайындауға, ұйымдардың және халықаралық сауда жүйесі келісімдері бойынша ӨР мамандарының кәсіби біліктілігін жетілдіруге жұмсалмақ.  

Тараптар «ЕО-ның адамзат қауіпсіздігі бойынша Арал аймағы үшін көптарптық әріптестіктің сенімгерлік қорына қосқан үлесі» келісіміне қол қойды. Келісім аясында Еуроодақ €5,2 млн бөлетін болады.

Сондай-ақ оқыңыз