Өз зейнетақы жинақтарыңызды қалай тексеруге болады?
Өз зейнетақы жинақтарыңызды қалай тексеруге болады? Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
1-әдіс. БЖЗҚ ұялы қосымшасында Қызметтер бөліміне өтіп, ЖЗШ-дан үзінді көшірме алу» мәзірін таңдаңыз. Бұдан әрі жүйеде ЭЦҚ немесе ЖСН және құпиясөз арқылы авторланудан өтіңіз. Ашылатын терезеде үзінді көшірмені қажетті уақыт кезеңімен көрсетіңіз. Үзінді көшірме pdf форматында жасалады.
2-әдіс. www.enpf.kz сайтында ЖСН және құпиясөз немесе ЭЦҚ көмегімен Жеке кабинетке кіріңіз. Бұдан әрі Қызметтер бөліміне өтіп, «ЖЗШ-дан үзінді көшірме алуды» таңдаңыз. Ашылатын терезеде үзінді көшірмені қажетті уақыт кезеңімен көрсетіңіз. Үзінді pdf форматында жасалады.
3-әдіс. ЭЦҚ немесе ЖСН және mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы түсетін бір реттік құпиясөзді пайдалана отырып, cabinet.enpf.kz/porog порталы арқылы тексеріңіз.
4-әдіс. eGov.kz «Азаматтарға арналған электрондық үкімет» сайтында немесе eGov Mobile ұялы қосымшасында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметін таңдаңыз.
5-әдіс. enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте қалыптастырған үзінді көшірмені БЖЗҚ дерекқорында тіркелген электрондық пошта мекенжайына жіберіңіз.
6-әдіс. БЖЗҚ дерекқорында тіркелген электрондық пошта мекенжайына тұрақты түрде үзінді көшірмені алып тұрыңыз. Ол үшін Қор бөлімшесіне бір рет келіп, хабардар ету тәсілі ретінде «электрондық пошта арқылы» нұсқасын таңдаңыз.
7-әдіс. Үзінді көшірмені пошта байланысы қызметі арқылы БЖЗҚ дерекқорында тіркелген пошта мекенжайына жыл сайынғы хабарландыру барысында жылына бір рет алып тұрыңыз. Ол үшін Қор бөлімшесіне бір рет келіп, хабардар ету тәсілі ретінде «пошта байланысының қызметтері арқылы» нұсқасын таңдаңыз.
8-әдіс. Жеке куәлігіңізбен БЖЗҚ-ның кез-келген жақын орналасқан өңірлік бөлімшелерінің біріне өзіңіз келіңіз.