Ресурстар

28-желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Алматы маңында ұшақ құлап, 15 адам қаза тапты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз-хатшысы Берік Уәли. 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады»,– деді Берік Уәли. 

траур-2.jpg

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 27 желтоқсан күні таңертең  Bek Air әуе компаниясының Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырады.  Таңғы 07:22 кезінде № Z2100 рейсті ұшақ көтерілу биіктігін жоғалтып, бетон қоршауды бұзып, екі қабатты құрылыс нысанымен соқтығысқан.  Ұшақ бортында 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан қаза тапқандардың саны 15-ке жетті.