Ресурстар

Қазақстанда ең жоғары сұранысқа ие болған мамандықтар аталды

Бос жұмыс орындарын орналастыру бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалалары көш бастап тұр

HeadHunter зерттеу орталығы 2019 жылғы еңбек нарығының қорытындыларын жасады. Компания мәліметтеріне сәйкес, вакансиялар санының өсуі 2019 жылы 2018 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, 1,68%-ды құраған.  hh.kz  порталындағы жұмыс іздеушілердің саны 2,3 миллион адамна асып кеткен, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Қазақстанның еңбек нарығында ең жоғары сұранысқа келесі кәсіп иелері ие болған: сауда (18,2%), бухгалтерия, кәсіпорындардағы басқарушылық және қаржылық есепке алу (8,3%), әкімшілік персоналы (7,2%), ақпараттық технологиялар, интернет және телеком (6,5%), сондай-ақ банктер, инвестициялар мен лизинг (6,5%).

Вакансияларды орналастыру бойынша ТОП-10 қалалардың көшін Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды бастап тұр. Атырау мен Шымкент олардың өкшесін басып келе жатса, Өскемен, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе және Орал тізімнің соңында жайғасқан.

Жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары сұранысқа келесі кәсіп салалары ие болған: сауда (12,9%), әкімшілік персоналы (8,4%), бухгалтерия, кәсіпорындардағы басқарушылық және қаржылық есепке алу (8,3%), өндіріс (5,9%). Мәнсабын енді бастағандар мен стутенденттерге лайықты салалардың еншісіне бірден 19,1% келген. Түйіндемелерді орналастыру жөніндегі ТОП қалалар вакансиларды орналастыру жөніндегі тізіммен бірдей, тек көшбасшылар қатарына Қостанай қосылған.

21_30Самые востребованные специальности-1.png

HeadHunter зерттеулеріне сәйкес, 2019 жылы ең жоғары сұранысқа ие болған еңбекақы диапазоны 2018 жылдағыдай 120-180 мың теңге аралығында болған.

Естеріңізге салсақ, ҚР ҰЭМ Статистика жөніндегі комитетінің ресми мәліметтері бойынша, 2019 жылғы үшінші тоқсанның қорытындылары бойынша еліміздегі орташа айлық еңбекақы 191,1 мың теңгені құраған, ал екінші тоқсанда ол 186,5 мың теңге болса, 2018 жылғы үшінші тоқсанда 161,8 мың теңгені құраған.

Еңбекақының нақты өсімі бір тоқсанда 2,5%-ға жетсе, бір жылда 18,1%-ды құраған.

Самые востребованные профессии-2.png