Ресурстар

Жемқорлық туралы хабарлаған адам параның 10 пайызына тең сыйақы алады

Алайда сыйақы көлемі 10,6 млн теңгеден аспауы керек

«Жемқорлық туралы ақпарат үшін төленетін сыйақы параны көлеміне байланысты болады» деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Агенттіктің 2019 жылғы жұмысын қорытындылаған алқа мәжілісінде. 

 «Үкімет сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламалар үшін азаматтарды ынталандырудың жаңа жүйесі туралы қаулыны бекітті. Енді сыйақы құрамындағы көптеген елдердегідей сараланады»,– деді ол.

Жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам сот үкімі шыққаннан соң пара көлемінің 10 пайызын ала алады. Ең жоғары сыйақы 10,6 млн теңгені құрайды. 

Агенттік дерегі бойынша, Call-орталыққа хабарласқан 9 азаматқа жалпы көлемі 1,5 млн теңге сыйақы берілген. 

Бұған дейін сыйақы сомасы құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты төленетін. Әкімшілік сипаттағы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлама үшін – 30 АЕК, ал аса ауыр емес сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер үшін – 40 АЕК, ауырлығы орташа қылмыстық істер үшін –50 АЕК, ауыр қылмыстар үшін – 70 АЕК, аса ауыр қылмыстар үшін – 100 АЕК сыйақы берілетін.