Өткен жылы әуе компаниялары 5,5 млн жолаушыны тасымалдады

Жарияланды
Бұл 2019 жылға қарағанда 36% төмен көрсеткіш

Әуе компаниялары 2020 жылы 5,5 млн жолаушыны тасымалдады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Бұл 2019 жылға қарағанда 36% төмен көрсеткіш. ҚР ИИДМ вице-министрі Берік Камалиев Министрліктің алқа отырысында атап өткендей, бұған пандемия кезінде ұшуларға қойылған шектеулер әсер етті. 

Қалыптасқан жағдайға байланысты азаматтық авиация экономиканың ең көп зардап шеккен салаларының бірі болды. Соны жеңілдету үшін отандық әуе компаниялары мен әуежайлар үшін салықтық жеңілдіктер бойынша мемлекеттік қолдау шаралары қабылданды.

Бүгінгі таңда 45 бағыт бойынша ішкі әуе рейстері қайта ашылды және 12 елмен (Түркия, Корея, БАӘ, Беларусь, Украина, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Египет, Ресей, Мальдив, Шри-Ланка) әуе қатынасы қалпына келтірілді.
 

Сондай-ақ оқыңыз