Абу-Дабиге 2 жаңа рейс ашылады

Жарияланды
16 мамырдан бастап

Абу-Дабиге 2 жаңа рейс ашылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Жаңа халықаралық рейстер ашылады.

2021 жылғы 16 мамырдан бастап «Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясы Нұр-Сұлтан – Абу-Даби бағытында аптасына 2 рейс орындай бастайды.
Ал 2021 жылдың 22 мамырынан бастап Алматы – Абу-Даби бағытында аптасына 2 рейспен ұшады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 14 наурызда ҚР ИИДМ «Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясымен келісімге қол қойды. Осы келісімге сәйкес тасымалдаушы жаңа рейстерді орындауға кіріседі.

«Wizz Air Abu Dhabi» – лоукостер, БАӘ-нің алтыншы ұлттық әуе компаниясы. Ол 13 бағыт бойынша 11 елге халықаралық рейстер орындайды.

Сондай-ақ оқыңыз